Нұр-Сұлтан қаласында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті. [caption id="attachment_199546" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Бас қалада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Менің Елім» атты мерекелік концерт болды. Ол EXPO көрмесінің аумағында Open Air форматында ұйымдастырылды. [caption id="attachment_199548" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Сахнада еліміздің жарық жұлдыздары: Роза Рымбаева, Ұлықпан Жолдасов, «Жігіттер» тобы, Айқын, Raim, Қуандық Рақым, AKHA, Мансұр және Қобыланды өнер көрсетті. [caption id="attachment_199549" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Сонымен қатар, AYREE, «Алашұлы» тобы, Дана Кентай, Зарина Омарова, Фарида Жолдасова және тағы да басқа әншілер өз өнерімен көрермендердің көңілін көтерді. [caption id="attachment_199550" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Концертке қатысқан өнер жұлдыздары қазақстандықтарды рәміздер күнімен құттықтап, алдағы референдумға қатысты пікір білдірді. [caption id="attachment_199554" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Мерекелік концертке қатысу үшін арнайы Алматыдан ұшып келген Роза Рымбаева өз құттықтауын жолдап, алдағы референдумға қатысуға шақырды. [caption id="attachment_199551" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
«Рәміздер мерекесі – бұл нағыз халықтық мереке деп санаймын. Себебі біздің рәміздеріміз – ол біздің мемлекеттілігіміздің айғағы. Жалпы мемлекет ретінде, Қазақстан деген мемлекеттің атының өзі бізге үлкен мақтаныш. Сонымен қатар рәміздер күні мерекесін өсіп келе жатқан жас ұрпақ біліп өсуі керек. Оны әрқашан дәріптеп, қуанышты мереке ретінде атап өтуіміз керек. Мен де бүгінгі мерекеге әндеріммен үлесімді қосамын. Мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығымен барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын! Ал 5-і күні болатын референдум біздің еліміз үшін өте жауапты кезең. Жаңа Қазақстанда «жаңа өмір» бастауға қадам жасап жатырмыз. Ата заңымызға көп өзгерістер еніп, халық игілігі үшін жұмыс істейтін заңдар қабылданбақ. Мен өзім 5-і күні астанамызда референдумға қатысып, өз дауысымды беремін. Халқымды өз дауысын беріп, елдегі өзгерістерге атсалысуға шақырамын», – деді Роза Қуанышқызы.«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов та мерекеге орай ақ тілегін білдіріп, ел тұрғындарын алдағы референдумда белсенділік танытуға үндеді. [caption id="attachment_199552" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
«Биыл мемлекттік рәміздерімізге 30 жыл толып жатыр. Жоғары деңгейде атап өтуге тұрарлық мемлекттік мереке деп есептеймін. Елдігіміздің айтулы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сондай-ақ 5 маусымда елімізде бір емес бірнеше өзгерістерге бастау болатын референдум өтеді. Ел болашағы үшін белсенділік танытып өзім де референдумға қатысамын. Басқа да азаматтарды мемлекеттік деңгейдегі өзгерістерге бей-жай қарамауға шақырамын», – деп пікір білдірді әнші.Жастар Мәслихатының депутаты, Еркеғали Рахмадиев атындағы филармонияның солисі Алтыншаш Мұқатаева мерекеге орай тыңдармандарға өзінің авторлық әнін шашу ретінде орындады. [caption id="attachment_199553" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
«Бұл әнім негізі өзімнің өмір жолым туралы өрбиді. Жалпы мен қаладағы барлық қоғамдық іс-шаралардан қалмауға тырысамын. Өйткені мемлекеттің өзгеруі әрбір адамның алға қойған мақсатына байланысты деп ойлаймын. Барлық отандастарды мерекемен құттықтаймын! Еліміздің көк Туы әрқашан желбіреп, Әнұранымыз асқақтай берсін!», – дейді Алтыншаш Мұқатаева. Сондай-ақ ол алдағы референдумнан үлкен үміт күтетінін жеткізді.«AMANAT» партиясының мерекеге арнайы ұйымдастырған концерті елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Көрермендер жаңбырлы ауа райына қарамастан әндерді қосыла шырқап, кеш соңына дейін алаңда болды. [caption id="attachment_199556" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption]