Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы тұрғындары жалпыұлттық референдумда белсенді дауыс беруде. Айтып өтері, өмірінде тұңғыш рет дауыс беріп отырған тұрғындарға сыйлықтар табыс етілді. Солардың бірі – 18 жастағы Нұрасыл Дахбай. «Ауданымызда дауыс берушілердің ішінде 18 жасқа толған Нұрасыл ел болашағына бей-жай қарамайтынын танытып, референдум учаскесіне келіп, алғаш рет дауысын берді. «Ел болашағы – жастардың қолында» деп Президентіміз айтқандай, әрбір жастың дауыс беруі маңызды. Сол себепті, жас дауыс берушімізді құттықтап, сыйлық табыстадық», – дейді аудандық Мәдениет үйінде орналасқан №538 сайлау учаскесінің төрағасы Медет Мұқажанов.