Түркістан облысының Сауран ауданында референдум учаскесінде дауыс берушілерге жас қобызшы мерекелік көңіл күй сыйлады. Ондағы №67 референдум учаскесіне келушілер Болгарияда өткен халықаралық фестивальдің гран-при иегері, республикалық «Ұлы дала дауысы», «Жас сазгер» байқауларының жеңімпазы Келес Елбілгенің концертін тамашалады.
Қазақпарат тілшісінің мәліметінше, жас қобызшы отандық және әлемдік туындыларды орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Жалпы, саурандықтар референдумға белсенділікпен қатысып жатыр. Таңертең ерте келген тұрғындар арнайы сыйлықтарға ие болды. Ал, 18 жастағылар «Бірінші рет дауыс беруші» сыйлығымен марапатталды.