Австрияның Грац қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі өтті. Қазақстан жастар құрамасы бұл доданы екі алтын, екі күміс және екі қола медальмен аяқтады. Атап айтқанда, ерлер құрамасынан Нұрқанат Серікбаев (60 келі), Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келі) алтын медаль алды. Мерей Марханбетов (60 келі) пен қыздар арасында жоғары салмақта белдескен Аида Тойшыбекова (78 келі) Еуропа кубогінің күміс жүлдесіне ие болды. Ал ерлер арасында 81 келіде татамиге шыққан Максим Мейірлан мен қыздар арасында 63 келіде бақ сынаған Есмигүл Куюлова қоржынды қос қоламен толықтырды. Қазақстан жастар құрамасы Австрияда өткен Еуропа кубогінің жалпы командалық медаль кестесінде Жапониядан кейінгі екінші орынға тұрақтады.
Асыл ТҰМАР