Болгарияда паратаеквондодан «София-2022» Гран-при турнирі өтті. Жарысқа әлемнің 25 мемлекетінен 85 спортшы қатысты. Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының хабарлауынша, бұл дода Париж-2024 Паралимпиада ойындарының алдындағы ірі іріктеу жарысы болды. Турнирде ел намысын төрт спортшы қорғап, екеуі қола жүлдеге ие болды. Ерлер арасындағы +80 келі салмақтағы бәсекеде Нышан Өмірәлі қола медаль алды. Ол Жапониядан келген таеквондошыны жеңіп, жартылай финалда Өзбекстан спортшысына есе жіберді. Ал әйелдер арасында 57 келі салмақта Кәмиля Досмалова жартылай финалда Түркия спортшысына жол беріп, қола медальға қол жеткізді.