"Қазгидромет" РМК 9-11 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер мәліметінше, еліміздің солтүстік аймағында күн жылынады.
"Солтүстік-батыс циклонымен республиканың көп бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 11 маусымға қарай елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Елдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады", – делінген хабарламада.Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасының 20-28 градусқа дейін біртіндеп төмендеуін қоспағанда, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.