Ақтауда кәріз құдығынан шала туған шақалақ табылды

Ақтауда кәріз құдығынан шала туған шақалақ табылды

Қаладағы кәріз құдығының бірінен шала туған шақалақтың денесі табылды, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

«Бүгін, 9 маусымда сағат 11:51-де кезекші 102 пультіне Ақтау қаласының 32-шағын ауданында кәрізден 9 айы толып, өмірге келмеген шарана табылғаны туралы шақыру түсті. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары басталды», – делінген ПД хабарламасында.
Аталған факт ҚР ҚК 100-бабы (адамның қайтыс болуы) бойынша СДТБТ-де тіркелді.