Белгілі журналист Айгүл Болатханқызы әлеуметтік желідегі парақшасында «Оқушы қыздар орамал тағып, мектепке баруы керек, әйтпесе еркектердің нәпсісін қоздырады. Жехөкше болып кетеді» деген пікірдегі ер азаматтарға жауап жазды.
«Қатынның басы мен к*тін талқылайтын еркектер юбка киіп жүрсін деген заң шықса, юбка тігетін цех ашар едім», - деп жазды ол.Журналистің пікірінше, біздің ата-аналарымыз кеңес заманында орамал тақпай-ақ өмір сүріп, жезөкше болмаған.
«Әй, мәнжубас еркектер, 70-жылдары шешең немесе әжең шашын шөмеледей ғып түйіп, тізеден келетін сарафан киді сән көріп. Енді сол шешең мен әжеңнен сұра, қаншалық жезөкше болған екен? Сұраңдар. Әкең (немесе атаң) де - солай, шашын желкеге жіберіп, бұты тарлау, балағы далиған кала-кала шалбар киген. Сән қуып. Сұрашы әкең мен атаң өлмесе, қаншалық “голубой” (қызтеке) болып өзге еркектің қойнына кіріпті? Сұраңдар, алдымен. Сосын барып бла-бла десеңдерші», - дейді Айгүл Болатъханқызы.