Көкшетауда 80 жастағы кейуана өз үйінде өртеніп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Суыт оқиға туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті. Оқиға бүгін күндізгі сағат 11-лер шамасында болған. Әбілқасымов көшесі бойында тұрғын үйді өрт шалғаны туралы хабар 11 сағат 56 минутта жедел басқару орталығына түскен. Тілсіз жау араға жарты сағат салып 12.33-те ауыздықталып, 13.18-де сөндірілген.
«Өрт аумағы 135 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру барысында 1942 жылы туған зейнеткердің денесі табылды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамның 28 сарбазы мен 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды»,– дейді ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.Қазір сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды