Қазақстан теннис федерациясы қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингіде жоғары орынға көтерілгенін мәлімдеді. ITF 18 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады, сондай-ақ Tennis Europe қауымдастығы 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында үздіктерді анықтады. Жасөспірімдер арасында Максим Батютенко 83-тен 78-орынға көтерілді. Ислам Орынбасар – 198, Даниил Фелькер – 236, Даниал Рахматуллаев – 239, Әмір Омарханов 424-орында келеді. Қыздар арасында Аружан Сағындықова (82-орын) үздік жүздікке енді. Сандуғаш Кенжебаева – 119, Дана Бәйдәулет – 160, Жанель Рүстемова – 165, Еркежан Арыстанбекова – 209, Айя Нұпбай – 315, Асылжан Арыстанбекова – 417, Іңкәр Дүйсебай 434-орында тұр. Tennis Europe қауымдастығының рейтингінде Заңғар Нұрланұлы төртінші, ал чемпиондық кестеде бесінші сатыда келеді. Сондай-ақ Дамир Жалғасбай (43-ракетка) мен Даниэль Тазабековтің (55-ракетка) рейтингі де жоғары. Ал қыздар арасында Софья Исакова (110), Ева Корышева (223), Ариана Гогулина (313) және Сәтима Төрегенге (377) өз көрсеткішін жақсарту үшін аянбай тер төгуге тура келеді.
Асыл ТҰМАР