Президент билікке келген сәтінен бері туындаған түрлі қиындықтарды еңсеруде Қазақстан халқының қолдауы ерекше екеніне тоқталды. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
«Андрей Олегович, сізді осында біздің елордамызда көргеніме қуаныштымын. Шынында, үш жыл бұрын біз кездескен едік. Мен өз жұмысымды Мемлекет басшысы ретінде енді бастаған едім. Осы үш жыл мен үшін ғана емес, барлық мемлекет басшылары үшін және бүкіл әлем үшін қиын кезең болды. Әлемдік жағдайдың тұрақсыздығы мен ковидтің басталуымен байланысты күйзелістерді бастан өткердік», – деді Президент.Сондай-ақ Мемлекет басшысы кейінгі жылдар Қазақстан үшін қиын болғанын айтып, қиын сәтте қазақ халқының қиындықты бірге көтергенін ерекше атап өтті.
«Елімізде түрлі апаттар болды, айталық елдің оңтүстігінде әскери қоймалар жарылды. Оңтүстік өңірлерді қатты су тасқыны басты. Сондай-ақ экономикалық жағдай мәз емес еді. Ковид Қазақстанды, басқа да көптеген елді дүр сілкіндірді. Бірақ біз осы қиын жағдайдан абыроймен шықтық деп есептеймін. Сіздің сұрағыңызға жауап бере отырып, ең маңыздысы Қазақстан халқының қолдауы екенін атап өткім келеді. Онсыз, біздің көпұлтты халқымыздың ауызбіршілігінсіз түпкілікті табысқа жетудің қажетті нәтижесіне қол жеткізу өте қиын болар еді», – деп нақтылады Қасым-Жомарт Тоқаев.