Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі қазақстандық клубтардың қарсыластары анықталды. Петропавлдық «Қызылжар» еурокубок ойындарын Хорватияның «Осиек» командасымен бастайды. Ал «Астана» аталған кезеңде Польшаның «Ракув» клубымен бақталасады. Алматылық «Қайрат» Венгрияның «Кишварда» клубымен ойнайды. Жарыстың аталған сатысындағы ойындар 21 және 28 шілде күндеріне белгіленген. Қостанайлық клуб аталған турнирдің екінші іріктеу сатысына өткен жағдайда «Слован» (Словакия) және «Динамо Батуми» (Грузия) жұбының жеңімпазымен ойынға шығады. Ал жеңілсе Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Шкупи» (Македония) және «Линкольн» (Гибралтар) жұбының жеңімпазымен ойнайды.