5 маусымда өткен ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумда белсенділік танытқан бір топ алматылық азаматтар «AMANAT» партиясының төрағасы, Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың алғыс хатымен марапатталды.
Марапатты партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев табыстады. Алғыс хат негізінен референдум кезінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсене атсалысқан азаматтарға берілді.
Партия төрағасының алғысына бөленгендердің ішінде белгілі актер Жалғас Толғанбай, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Жанар Дәуренбаева сынды тұлғалар бар.