Желіде Halyk Bank әрбір қазақстандыққа 500 000 теңге төлеуге міндеттелгені туралы ақпарат тарады

Желіде Halyk Bank әрбір қазақстандыққа 500 000 теңге төлеуге міндеттелгені туралы ақпарат тарады

Instagram парақшасында  Halyk Bank әрбір қазақстандыққа 500 000 теңге және одан артық көлемде ақша төлеуге міндеттелгені туралы ақпарат тарады. Төлемді алу үшін сілтеме бойынша өтіп, онлайн-платформада тіркелу қажеттігі талап етілген. Қаржы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, алаяқтардың ісі екенін ескертті. 

“Желіде Қазақстан  азаматтарына 500 000 теңге төлейтін жобаға қатысуы туралы ақпарат таратылды. Жазбаға Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.Жамаубаевтың суреті қоса берілген. Ақпараттың   Қаржы министрлігіне, сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары Қаржы министрі Е.Жамаубаевқа қатысы жоқ. Бұл  жалған ақпарат. Жұртшылықтан жалған ақпарат таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз”, – деп хабарлады ведомство.
Сондай-ақ ведомство түрлі төлемдер төленетіні туралы күмәнді хабарламаларға сенбеуге шақырды.
“Әдетте бұл желі қолданушыларының жеке мәліметтері мен қаражатын иемденуді мақсат еткен алаяқтардың ісі болады”, – делінген хабарламада.