Домбыра сыныптары ашылмақ

Домбыра сыныптары ашылмақ

«AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы жанын­дағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жө­ніндегі Miras қоғамдық кеңе­сінің кезекті отырысы өтті. Онда қалалық Мә­дениет, Білім және Қоғамдық даму басқармалары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Тікелей эфир режимінде өткен отырысқа қоғамдық кеңес төрайымы Қаракөз Сүлейменова, кеңес мүшелері, «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қайрат Бисембаев, сондай-ақ күн тәртібіндегі сұрақтарға байланысты Қоғамдық даму бас­қармасы басшысының орынбасары Айбар Теменов, Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай және Мәдениет басқармасының өкілі Арман Халбеков қатысты. Жиын барысында Арман Халбеков баяндама жасап, қазір шы­ғармашылық ортада жүрген қаламгерлерге мемлекет тарапынан әлеуметтік-рухани тұрғыда қолдау көрсету бойынша жүргізіліп жат­қан жұмыстар туралы айтып берді. Қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Мемлекет басшысының Жолдауында аталып өткен әрбір мектепте домбыра сыныптарын ашу жұмыстарының барысымен таныстырды. Осыған қатысты кеңес мүшелері Аягүл Миразова мен Ұлжан Байбосынова мектептерде домбыра сыныптарын ашу туралы ұсыныс тастады. Кеңес мүшелері басқарма өкілдеріне қазіргідей алмағайып заманда ел тұтастығы мен бірлігіне баса назар аудару керек екенін ескертті. Осыған қатысты тиісті жұмыстарға тереңінен көңіл бөлуге кеңес берді.

Бота МАРАТҚЫЗЫ