Қазақстан мен Қытай 1 шілдеден бастап тікелей әуеқатынасын жандандырады, – деп хабарлайды ҚХР-дың Нұр-Сұлтандағы елшілігі. Қазақстан коронавирустың ел аумағында таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылғы ақпанда Қытаймен тұрақты жолаушылар әуетасымалын тоқтатты.
"Қытай мен Қазақстан арасындағы тиісті келісімге сәйкес, 1 шілдеде екі ел арасындағы тікелей коммерциялық рейстер қайта жанданды", – делінген елшіліктің хабарламасында.Қазақстаннан Қытайға баратын жолаушыларға бірқатар рәсімнен өту қажет екені түсіндірілген. Олар ұшу алдында оқшаулануға 10 күн жұмсауы керек, денсаулығын өз бетінше бақылап, тиісті кепілдік хатқа қол қоюы керек.