Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі. Бұл туралы ақпаратты Қазақстан таэквондо федерациясының баспасөз қызметі жариялады. Дениз Жансель жартылай финалда ливандық қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Алайда алтын үшін күресте ол Иран спортшысына есе жіберді. Нәтиже – 73 келі салмақтағы күміс медаль. Смайыл Дүйсебай үздік үштікке енді. 87 келі салмақ дәрежесінде Дүйсенбай алғашқы жекпе-жегін 2:1 есебімен ұтты. Оның қарсыласы Қытайдан келген спортшы болды. Өкінішке қарай, жартылай финалда отандасымыз Өзбекстан спортшысынан 1:2 есебімен ұтылды. 87 келіден жоғары салмақта Руслан Жапаров қытайлық таэквондошыға есе жіберді. Есеп – 0:2.