Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 1016 адамға жетті

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 1016 адамға жетті

Қытайдың гигиена және денсаулық сақтау жөнінен мемлекеттік комитеті хабарлауынша, Қытайда қауіпті дерттен қаза тапқандар саны 1016 адамға жетті. Ал қауіпті вирусты жұқтырған адам саны – 42 638. Сондай-ақ Қытай аумағында 3996 адам коронавирустан құлан таза айыққан. Бұл көрсеткіш әлем бойынша 443 адам болды. Біз бұған дейін Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 40 мыңнан асып кеткенін жазған болатынбыз.