Гендерлік бюджеттеу тақырыбында тренинг өтті

Гендерлік бюджеттеу тақырыбында тренинг өтті

Нұр-Сұлтанда «Гендерлік бағдарланған бюджеттеу және Қазақстандағы ұлттық стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жүйесіне енгізу құралдары» атты екі күндік тренинг өтті. Шараны Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы мен Ұлттық экономика министрлігі бірлесіп ұйымдастырды. 2018 жылы Ұлттық экономика министрлігі «БҰҰ-әйелдер» құры­лым­ның қолдауымен Қазақстанда 2020-2025 жылдарға арналған ген­дерлік бағдарланған бюджет­теуді енгізу жөніндегі ұлттық жоспар әзірледі. «БҰҰ-әйелдер» гендерлік фак­тор­ларды есепке алу, оның ішінде Ұлттық жоспардың индикатор­ларын БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы мақсаттарына сәй­кес­тендіре отырып, ұлттық жос­пар­лау мен бюджеттеуге қатысты процестерді жетілдіру жөнінде Үкіметке қолдау көрсетуін жалғас­тыруда. Бұдан арғы шаралар ретінде Білім және ғылым ми­нистр­лігі және Қолданбалы эко­номикалық зерттеулер орталығы­ның (Applied Economics Research Centre – AERC) қатысуымен биыл елімізде қыздар мен ұлдардың мектеп қабырғасындағы тең құ­қы­ғы мен қажеттілігін ескере оты­рып, орта білім беру саласын­дағы ұлттық бюджеттеуге гендер­лік талдау басталды. Бұл сала мемлекет үшін басым салалардың бірі ретінде айқындалды. «БҰҰ-әйелдер» құрылымы Қазақстан Үкіметінің ұлттық гендерлік бағдарланған бюджет­теуді енгізу жөніндегі ынтасын қолдайды. Орта білім беру саласында жүргізілген пилоттық гендерлік талдау нәтижелері мектептегі қыздар мен ұлдардың тең құқығы мен қажеттілігін іске асыруда қандай қиындықтар бар екенін нақты көрсетті. Бұл бастаманы жүзеге асыруда серіктесіміз – Ұлттық экономика министрлігіне техникалық қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Ұсы­нылып отырған бюджеттік жос­пар­лау моделі жақын арада ұлттық заңнамада өз орнын табатына үміттенеміз», – деді Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының өкілі Мария Доценко. Тренингке еліміздің әр аймағы­нан келген министрліктер мен ведомстволардың, облыстық қоғамдық кеңестердің өкілдері, ҮЕҰ белсенділері мен гендерлік бюджеттеу саласындағы сарапшы­лар қатысты.

Асыл ТҰМАР