Қордайдағы қақтығыс: 141 тұрғын, 19 полицей дәрігердің көмегіне жүгінген

Қордайдағы қақтығыс: 141 тұрғын, 19 полицей дәрігердің көмегіне жүгінген

Бердібек Сапарбаев Қордайдай оқиғасы жөніндегі үкіметтік комиссияны басқара береді. Үкімет басшысы Асқар Маминнің айтуынша, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы оқиға салдарын қою жөніндегі үкіметтік комиссияны басқара береді.

«Өкінішке қарай, осы қайғылы оқиға кезінде 10 адам қаза тауып, 178 адам зардап шекті. Сонымен қатар тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарға, азаматтардың дүние-мүлкіне зақым келді. Осы күндері Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Қордай ауданында оқиға салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия жұмыс істеді. Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Бердібек Мәшбекұлы үкіметтік комиссияны одан ары басқаратын болады», – деді Асқар Мамин. 
Осыдан кейін Жамбыл облысының әкімі осы күндері атқарылған жұмыстар жайында есеп берді.
«Қазіргі таңда жалпы Жамбыл облысының Қордай ауданда жағдай тұрақты. Барлық құқық қорғау органдарының көмегімен жергілікті әкімдіктер жұмыс істеп жатыр. Жалпы, өткен 5 күннің ішінде дәрігерлік көмекке 141 адам жүгінді. Оның ішінде 19-ы полиция қызметкерлері. Өкініштісі, 10 адам қайтыс болды. Қайтыс болған отбасыларға жерілікті демеушілердің, әкімдіктердің тарапынан көмек көрсетілді. Комиссия мүшелері қаза тапқан барлық азаматтың отбасыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айтты. Барлық шараларына қатыстық. Қазіргі таңда Қордай аудандық ауруханасында – 13, Алматы қаласында 25 адам дәрігерлік көмек алып жатыр. Қырғызстанда болған 9 адамды Алматы мен Таразға қайтардық», – деді Бердібек Сапарбаев.
Айта кетейік, Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.