15 жастағы қыздың суға батып бара жатқанына куә болғандар оған көмекке келіп үлгермеген. Олар жасөспірім қыздың денесін судан алып шықты.
"Мой город" порталының хабарлауынша, қайғылы оқиға сағат 15:50-де орын алған.
"Қыз бала Бәйтерек ауданы Рубежинское ауылындағы Жайық өзеніне арнайы жарақталмаған жерден түсіп, суға батып кетті",– деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.