Жол апатынан бір үйдің 5 адамы жарақат алды

Жол апатынан бір үйдің 5 адамы жарақат алды

Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, салдарынан ерлі-зайыпты мен үш баласы ауруханаға түсті. Оқиға Самара-Шымкент тасжолының Ырғыз ауданы, Құмтоғай ауылы маңында болды. «Мersedes AMG» автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, «DAF» жүк көлігімен соқтығысқан.

«Салдарынан «Мersedes AMG» автокөлігінің жүргізушісі, әйелі мен кәмелетке толмаған үш баласы (2020, 2014, 2012 жылы туған) түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті шаршаған жүргізуші жолдағы қауіптің көзі екенін еске салады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.