Ұлбыритания астанасы Лондон қаласында жылдың ең басты бәсекесі Уимболдан турнирі жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні қазақстандық Александр Бублик сербиялық Душан Лайовичпен кездесті. Айта кету керек, Бублик қазір әлемдік рейтингтің 38-ші, ал қарсыласы – 64-ші сатыда тұр. Сәйкесінше, ойын барысында жерлесіміз айқын басымдық танытты. Бублик 17 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. Осылайша, 2 сағатқа созылған матч 7:6, 6:2, 7:5 есебімен аяқталды. Енді Александр әлемнің 23-ракеткасы, америкалық Фрэнсис Тиафомен жолығады. Қазақстандық спортшылар арасынан Елена Рыбакина да жарысты жалғастырып жатыр. Ол екінші айналымға шықты. Ал Андрей Голубев жұптық сында жеңіліп, бәсекені тоқтатты. Ол украиналық Денис Молчановпен бірге өнер көрсеткен еді. Лондондағы теннис турнирі 10 шілдеге дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры – 49 миллион АҚШ доллары.