«Алтын орда» жаңғырығы: Алматы іргесіндегі үлкен базарға талас күшейді

«Алтын орда» жаңғырығы: Алматы іргесіндегі үлкен базарға талас күшейді

Атышулы «Алтын орда» базарының төңірегіндегі дау басылар емес. Қоғам белсенділері сәуір айында басшылық ауысқанымен, сауда орнында заңбұзушылықтар тоқтамағанын айтады. Бұл туралы Aikyn.kz порталы Almaty.tv сілтей отырып хабарлайды. Көрші елдерден келген топтар базарды өздігінше бөліп алып, билігін жүргізеді екен. Ондағы үнемі жазасыз қалатын ұрлық-қарлық пен қолдан жасалған қымбатшылыққа осы топтардың қатысы бар, – дейді астанада жиын өткізген заңгер. Саудагерлер тарапынан да көптеген шағым түсіп жатқан көрінеді. Олар «Алтын орданың» қазіргі қожайыны тиісті жұмыстарды жүргізе алмай жатқанын айтқан. «Ал компанияда 95 пайыз үлесі бар астанадағы Экономикалық тергеу департаментінің бұрынғы қызметкері Хамзиннің құрылтайшылар құрамына қалай кіргені белгісіз», – дейді заңгер. Заңсыздықтарды тізген ол бұл мәселелерге базардың қазіргі иелері жауап беріп, тәртіп орнатуға міндетті деп отыр. – Бұл – шағын сауда орны емес, ірі логистикалық торап. Алматы, Алматы облысын қамтамасыз етіп отырған сауда орны. Демек, кем дегенде 3 миллион адамның күнделікті ас-суы саудаға түсетін орын. Бұл – стратегиялық нысан. Егер ол жердің жұмысында ақау болса, бұл әрқайсысымыздың үстеліміздегі нанымызға, жеп отырған етімізге дейін әсер етеді. Сондықтан «Алтын орданың» тағдыры әрқайсымызды алаңдатуы керек, – дейді заңгер Дәурен Ғабдул. Осыдан 3 ай бұрын келген жаңа қожайын базардың ортадағы адамдардың қатысуымен көтерілетін бағаларға қатысты былықтарын жоюға уәде еткен.  «Алтын орданың» бұрынғы құрылтайшыларының үстінен  2017 жылы базарды рейдерлік жолмен тартып алды деген арыз түскен болатын. Заңгер Дәурен Ғабдул қазір сауда орынның экс басшылары бизнес ошағын қайтарып алмақшы екенін айтады.