- Антикор мемлекеттік кәсіпорын ғимаратын төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісін тергеп жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты Алматы қаласындағы «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК-ның ведомстволық бағынысты ғимаратын мемлекет мүддесіне ауыр зардаптарға әкеп соққан үлестес заңды тұлғаның пайдасына төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.