Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Қазақстандағы ғылым мен білімнің болашағы» тақырыбына арналған оқыту форсайт-сессиясына қатысты. Мәулен Әшімбаев ғылымды, техника мен инновацияны дамыту Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы үнемі баса мән беріп келе жатқаны белгілі. Өз кезегінде Парламент те осы саладағы реформалар мен бастамаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмысын белсенді жүргізуде. Сондай-ақ Палата Төрағасы Сенат алдағы уақытта жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, ғылыми саланы реттейтін заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмысты белсенді түрде жалғастыратынын айтты. Спикер мұндай кездесулер ғылымды одан әрі дамыту тәсілдерін табуға және оларды талқылауға мол мүмкіндік беретініне назар аударды.
«Біз Қазақстанның ғылымы мен білімін дамыту мәселелері бойынша ғалымдармен, сарапшылармен, мүдделі институттармен белсенді өзара іс-қимыл жасауға мүдделіміз. Осы саладағы құқықтық базаны жетілдіру бойынша да бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Бұл бағытта күзде Сенатта тиісті жұмыс тобын құруға болады. Қазақстанда ғылым мен жоғары білімді дамыту үшін бәріміз бірге нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін», – деді Мәулен Әшімбаев іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде.Сессия барысында жақында құрылған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл бағыттағы реформаларды Парламенттің қолдауы үлкен маңызға ие екенін айтты.
«Біз үшін білім беру жүйесін реформалау процесінде Парламенттің қолдауы өте маңызды. Жоғары білім жүйесі мен ғылым қоғам мен мемлекеттің игілігіне қызмет етуге тиіс. Осы бағытта біз бірлесіп, көздеген мақсаттарымызға қол жеткіземіз деп сенемін», – деді министр.Айта кетейік, форсайт-сессия Сенат жанындағы Талдау мектебі аясында ұйымдастырылды.