«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен Мемлекеттік басқаруды дамыту және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестерінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша біріккен көшпелі отырысы өтті. Күн тәртібінде Жаңаөзен қаласы мен оған іргелес ауылдарда сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бойынша жасалған жұмыстар, «Дипломмен ауылға!», «Ауыл – ел бесігі» жобаларының орындалу барысы, №4 және №12 мектептердегі балалар тамағын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ партиялық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі отырысында балаларға арналған ойын алаңы мен бұқаралық спорт алаңдары туралы кеңінен талқыланып, жауапты мекемелерге бірқатар тапсырма берілді. Білім саласы бойынша №4 және №12 мектептерде балалар тамағын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер партия бақылауына қойылды.
Азат ҚАЗАҚ