24 жылдың ішінде елордада тұратын халықтың саны төрт есе өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Мысалы, 1998 жылы Нұр-Сұлтанда 326 мың адам тұрса, биылғы соңғы дерек бойынша 1 миллион 262 мыңға жеткен. Қызығы, еліміздің бас қаласында ерлерге қарағанда әйелдің саны көп. Тұрғындардың 52% қыз-келіншек болса, 48% ер-азамат. Халық саны артқандықтан, сәйкесінше бала туу саны да өскен. Ал ел астанасы ауысқан жылы қалада жалпы білім беретін мектеп 48 болса, қазір 147-ге жеткен. Сол секілді елордада ауруханалар саны да үш есеге артқан.