Құрбан айт мерекесінде Алматының орталық мешітінде «Асыл мұра» бағдарламасы аясында мәдени және спорттық іс-шара өткізіледі. «Шараға қатысушыларды арқан тарту, асық ату, армрестлинг, гір тасын және қошқар көтеру секілді сынақтар күтіп тұр», – деп хабарлады Алматы қалалық Дін істері жөніндегі басқарма өкілі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталады. «Ұлттық мұра» бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын спорт шарасының негізгі мақсаты – мешіт жамағаты арасында денешынықтыру мен спортты, саламатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар исламның дәстүрлі емес ағымының жетегінде жүрген жандарға асыл діннің оң жолын көрсету арқылы оларды бауырға тарту», – деді ұйымдастырушылар. Құрбан айт – мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі. Осы жылы Құрбан айт шілденің 9-ы күні басталып, үш күнге жалғасады.