Қызылорда облысы Жалағаш ауданында оқ атып, адам жарақаттаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті. Анықталғандай, оқиға Жалағаш ауданының орталығында болған. Жас жігіт қаруды көше бойында қолданады.
«Аталған оқиғаға байланысты «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне» Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігімен (адам өлтіруге оқталу) қылмыстық іс тіркелді. Күдікті уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылды. Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, толық және обьективті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Қызылорда облыстық Полиция департаменті.Департамент өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талабына сәйкес, басқа дерек жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.