Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы – қоғамның күшіне айналып отырған жастарда. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға қаратып: «Не істесек те, шын ниетімізбен, ақ адал көңілімізбен жасасақ, біздің қоғам дамиды, алға басады. Нанымызды адалынан жейік, табан ақы, маңдай терімізбен табайық», – деді. Ең бастысы, жастар еңбекқор болғанда ғана нарықта бәсекеге төтеп беріп, тағдырларын өздері жасайтынын ескертті. Міне, бұл – Жаңа Қазақстан құруға ниеттеніп жатқан Президенттің жастарға көрсеткен бағыты. Жаңа Қазақтан – озық идеялармен қаруланып, елінің гүлденуі жолына бар күш-қайратын арнап отырған жастардың Отаны. Оны құру үшін алдымен білікті кадрлар даярлау керек. Жаһандануға жұтылып кетпей, өз мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді сақтап қалу – жастар, сіздердің қолдарыңызда. Заман сіздердікі! Сондықтан сіздерге аманаттап, үміт артып, сенім білдіріп отырмыз.
Сәуле ДОСЖАН,
жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері