Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан үш ер адам қаза тапты. «Костанайские новости» порталының жазуынша, қайғылы жол апаты 17 шілдеде таңғы сағат 7.40-та Қостанай-Қарабұтақ тасжолының 56-шақырымында, Рудный мен Тобыл арасындағы айналма жолда болған.
«Nissan көлігінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Shacman жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан үш ер адам: жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты», – делінген ПД хабарламасында.Жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұған дейін Оралда жол апатынан 8 адам қаза тапқан болатын.