Түркістандықтарға орманға баруға тыйым салынды

Түркістандықтарға орманға баруға тыйым салынды

Түркістан облысында тұрғындардың орманға баруына уақытша тыйым салынды.  Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тиісті қаулысы «Ашық» НҚА сайтына жарияланды.
«2022 жылдың 25 шілдесінен 1 қазанына дейін жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын. Бұл аралық ормандарда өрт қаупі жоғары кезеңдер болып есептеледі», – делінген қаулыда.
Құжатқа сәйкес, мұндай шара облыс аумағындағы орман алқаптарында өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында қабылданып отыр.