Жеңіл атлетикадан қазақстандық әлем чемпионы Нора Джеруто марапаттау рәсімінде көзіне жас алды. Әйелдер арасында 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден финалда қазақстандық Нора Джеруто қашықтықты 8:53.02 уақыт аралығында жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанған болатын. Айта кетейік, жеңіл атлетикадан әлем чемпионаттары тарихында тұңғыш рет Қазақстанның әнұраны шырқалды.