Алматы облысындағы ауылдарға Кенен Әзірбаев пен Өтеген батырдың есімдері берілмек

Алматы облысындағы ауылдарға Кенен Әзірбаев пен Өтеген батырдың есімдері берілмек

Алматы облысындағы 6 ауылға жаңа атау берілмек. Бұл туралы өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев пен облыстық мәслихаттың бірлескен қаулысы «Ашық» НҚА сайтында жарияланды.

«Іле ауданының Энергетический ауылдық округіне – Өтеген батыр, Чапаев ауылдық округіне – Байкент, Междуреченск ауылдық округіне – Ақсай, Покровка ауылына – Кенен Әзірбаев, Комсомол ауылына – Жайнақ және Қызыл Ту-4 ауылына Жібек жолы атауы берілсін», – делінген қаулыда.