Өскеменде қолдан алкогольді сусындар жасаумен айналысқан цех анықталды

Өскеменде қолдан алкогольді сусындар жасаумен айналысқан цех анықталды

Өскемендегі өндірістік базалардың бірінде спирттік өнім жасаумен айналысқандар ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

«Цехтың қызметкерлері суррогат алкогольді антисанитариялық жағдайда спиртке су, түрлі бояулар мен дәмдеуіштер қосу арқылы жасап отырған. Бөтелкелерге жалған акциздік маркалар мен түрлі отандық арақ-шарап шығаратын зауыттардың этикеткалары жапсырылған. Екі цехтың ішіне тінту жүргізу барысында 16 мыңнан астам өткізуге дайын тұрған қолдан жасалған алкоголь өнімі, 715 литр спирт, 15 мыңнан аса жалған акциздік маркалар алынды» делінген ресми хабарламада.
Қазір заңсыз әрекетке қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.