Нұр-Сұлтанда әйел Бейбітшілік көшесіндегі ғимараттың (бұрынғы орталық әмбебап дүкеннің ғимараты) шатырына шығып, елді «секіремін» деп қорқытты.
«1 тамыз күні сағат 15:02-де «102» каналына Бейбітшілік көшесінде орналасқан ғимаратқа шығып алған әйелдің секірмек болып жатқаны туралы хабар келді. Оқиға орнына жедел қызмет жіберіліп, әйелді құтқарудың сәті түсті», - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметінен.Сондай-ақ, ресми хабарламада суицид жасамақ болған әйелге психологиялық көмек көрсетілгені айтылған.