Пайдаланылмай жатқан бос жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр. «Жер аманаты» комиссиясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Қайнар Абасовтың айтуынша, жерді қайтару оңай шаруа емес. Бұл туралы AstanaTV хабарлады. Мәселен, иелігіндегі жерді 49 жылдан бері мүлдем пайдаланбағандар, мыңдаған гектарды кепілдікке қойып, банкке өткізіп жібергендер де көп. Жердің заңсыз сату, игермеу ауылда ғана емес, қалада да жетерлік.
«Жер аманаты» комиссиясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Қайнар Абасов: «Әр өңірде кезінде заңсыз немесе өзіне ыңғайлы мүмкіндіктері бар. Олардың ішінде, шенеуніктер де бар, ірі кәсіпкерлер де бар. Жерді қайтару мәселесін жерді игілігіне пайдаланып отырғандарға қатысты талап жоқ. Өз еркімен қайтарып жатқандар да бар, әрине қайтарғысы келмей, нысаналық бағытын өзгертіп, ол жерге құрылыс жүргізгендер де бар. Мұндай жерлер текетірестен кейін заң аясында кейін қайтарылып жатыр», – деді.Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жерді мемлекет меншігіне қайтарып, жайылымды қолжетімді етуді тапсырған болатын.