Павлодардағы бірнеше сот ғимараттарына бомба қойылғаны туралы шұғыл байланыс желісіне хабарлама келіп түсті. Аталған нысандардағы қызметкерлер дереу арада эвакуацияланды.
«Бүгін сағат 14:53-те Павлодар облыстық және Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының электрондық пошталарына ғимараттарға жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы хабарлама түскен», - деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.Ведомство атап өткендей, оқиға орнына дереу барлық шұғыл ден қою күштері жеткен. «Адамдар эвакуацияланды. Саперлер жұмыс істеп жатыр, ғимараттар тексеріледі», - деп толықтырды органнан.