Қаржылық мониторинг агенттігі 1,5 миллиард теңгеге жалған шот-фактура жазған үш адамға сот үкімі шықты, – деп жазады inform.kz. ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазумен айналысқан М.А.Ажибаев, А.О.Акынов және А.Ақынға қатысты қылмыстық істі тергеп, сотқа жіберді. Сот үкіміне сәйкес, аталған тұлғалар кінәлі деп танылды. Мүлкін тәркілеп, 7 жыл кәсіпкерлік және қаржылық қызметпен айналысу құқығынан және 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған адамның атына тіркелген Toyota маркалы автокөлікті тәркілеп, мемлекет меншігіне өткізді.