Шымкентте Бадам өзеніне қыз абайсызда құлап кеткен. 2011 жылы туған қыз өзеннің үстіндегі құбырдан суға құлаған. Жүзуді білмеген соң суға батып кеткен. Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Сүңгуірлер бірнеше сағат бойы қыздың денесін су астынан іздеді. Құтқарушылар қыздың денесін судан алып шығып, туыстарына тапсырды.