Оралда қайғылы жағдайда қайтыс болған кәсіпкердің өліміне қатысты жаңа деректер анықталды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, куәгерлер кәсіпкерді өлтіруге төленбеген жалақы негізгі себеп болғанын айтқан.
«Қазіргі кезде күдіктілерді ұстауға облыстың барлық полицейлері жұмылдырылған. Облыстың барлық аумағында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар көршілес облыстар, соның ішінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарына да деректер жіберілді», - делінген ведомство хабарламасында.