2022 жылдың екінші тоқсанында орташа номиналды жалақы 312 011 теңгеге жетті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
"2021 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда өсім 24%, нақты мәнде – 8,9% болды", – делінге хабарламада.Бұл ретте, жалақының медианалық мәні (еңбекақы диапазонының орталық деңгейі) бағалаулар бойынша 2022 жылдың екінші тоқсанында 196 728 теңге болды. Медиандық жалақы 2021 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 17,1%, нақты мәнде 2,8% өсті. Медиандық жалақы – жұмыстың барлық санын екі тең бөлікке бөлетін шама: 50% осы мәннен төмен төленеді және 50% жоғары төленеді.