Бейнеудегі жанармай құю бекетінде екі адам ұйықтап жатқан азаматты тонап кеткен. Оның сөмкесінде 80 мың теңге болған.
Ұйықтап жатқан азаматты тонаған 2 жігіт оқиға орнынан бой тасалаған.
«Полиция қызметкерлері жедел іздестіріп, күдіктілерді ұстады. Аталған факт бойынша Бейнеу аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізіліп бастады» - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.Оқиға 7 тамыз күні таңертеңгі мезгілде болған.