Үстел теннисінен Қазақстан командасының мүшесі Аслан Құрманғалиев Швецияның Хельсингборг аласында өткен WTT Youth Contender ірі турнирінің алтын медалін жеңіп алды. Ол 15 жастағы спортшылар арасында чемпион атанды. Құрманғалиев турнир барысында даниялық Янус Беседті (3:0), Үндістаннан келген Баламуруган Раджасекаранды (3:1), неміс Фридрих Кун Фон Бургсдорфты (3:1) және Швед Питер Алестедтті (3:0) жеңді. Жартылай финалда қазақстандық корейлік спортшы Ли Сын Суға мүмкіндік бермеді (3: 0). Шешуші матчта Аслан Құрманғалиев Оңтүстік Корея командасының тағы бір өкілі Квон Хекпен кездесті. Текетірес 3:1 есебімен аяқталды. Айта кету керек, бұл – Асланның халықаралық деңгейде жеңіп алған 15-ші марапаты.
Кербез ЕСІМХАН