Тұрақты жұмысы жоқ 4 мың адам жарна аударған

Тұрақты жұмысы жоқ 4 мың адам жарна аударған

Қарағанды облысының 4 мыңнан аса өзін өзі жұмыспен қамтыған  тұрғыны медициналық сақтандыру қорына төлем жасады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне репетиторлар, күтушілер, жеке қосалқы шаруашылықтардың иелері және басқалары жарна аударған. Олардың ішінде, қала тұрғындары ай сайын 2651 теңге, ал  ауыл тұрғындары 1326 теңгеден төлеген. Жарнаны тұрақты төлеген кезде олар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ғана емес, сондай-ақ консультациялық-диагностикалық қызметтер мен жоғары технологиялық операцияларды қарастыратын МӘМС пакетіне де тегін қол жеткізе алады. – «Сақтандырылған» мәртебесі төлемдерді үш ай тұрақты төлеп отырған соң пайда болады. Қазір 2020 жылдың 31 наурызына дейін елдің барлық тұрғындары «шартты түрде сақтандырылған», кейін ол мәртебе төлемдердің тұрақтылығына байланысты болады. Бұл ретте өтіп кеткен кезең үшін БЖТ төлеуге болмайтынын атап өту керек. Егер қандай да бір себептерге байланысты азамат 1 ай төлемді жіберіп алса, онда ол әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына БТЖ-ның 5%-ын дербес төлеуші ретінде төлей алады, қазір бұл 2125 теңге. Сол кезде мәртебесі сақталады. Одан әрі де мәртебеден басқа зейнетақы өтілі, табыс салығы, әлеуметтік сақтандыру жүргізу үшін БЖТ төлеуді жалғастыруға болады, - деді Медициналық сақтандыру Қоры Қарағанды филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина. Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы