Атырау облысында жол апатынан көлік жолаушысы мерт болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы бүгін, 13 тамыз күні болған.
«Бүгін жергілікті уақытпен сағат 13:30 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 157-шақырымында «Лада Гранта» көлігі аударылды. Көліктің аударылуына 1992 жылғы жүргізушінің көліктің руліне ие бола алмай қалуы себеп болған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан көліктің алдыңғы орындығындағы 31 жастағы жолаушы қаза тапты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.Қазір полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.