«Қазгидромет» 16-18 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Соның салдарынан аптаның басында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Аптаның ортасында ауа температурасы төмендейді. Республиканың солтүстік-батыс, солтүстік, шығысы мен орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болады. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел екпіні күшейеді. Жалпы, республика бойынша ауа температурасы төмендейді:
- батыста түнде + 15+28 градус, күндіз +30+40 градус,
- солтүстік-батыста түнде +3+12 градус, күндіз +15+25 градус,
- солтүстікте түнде +2+7 градус, күндіз +12+17 градус,
- орталықта түнде +3+12 градус, күндіз +13+23 градус,
- шығыста түнде +2+11 градус, күндіз +12+20 градус,
- елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +10 + 18 градус,
- таулы аудандарда + 3+8 градус болжанып отыр.