Алматыда қалалық соттың ғимараты қоршауға алынды. Барлық судья мен қызметкерлер эвакуацияланды. Tengrinews.kz-тің жазуынша, бұл туралы соттың ресми өкілі Абай Жарылқасын мәлімдеді.
«Бүгін Алматы қалалық сотының кіріс кеңсесі поштасына түрлі сипаттағы қоқан-лоқы жасалған хабарламалар келіп түсті. Осыған байланысты қазір сот ғимаратында хабарламалар тексеріліп жатыр. Құрметті азаматтар, түсінбеушілікке жол бермеу үшін процестердің кейінге қалдырылғаны туралы хабарлаймыз»,, – делінген ресми хабарламада.Басқа мәлімет жарияланбады.