Мемлекеттік кірістер комитеті еліміздің несиелері, салық қарыздары мен коммуналдық төлемдерден қарыздары ең жоғары облыс орталықтары мен қалаларында азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
"Қазіргі уақыттың өзінде тек Алматы қаласы тұрғындарының 1 млн-нан астам несиелері бар. Оның ішінде 451 мыңнан астам азаматта 90 күннен астам уақыт төленбеген несиелері қордаланған. Сондықтан азаматтардың банкроттығын жариялау туралы рәсімдер қызығушылық танытары сөзсіз", – делінген хабарламада.Алматы қаласында Мемлекеттік кірістер комитетінің конференциясы өтіп, "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Заң жобасының (Заң жобасы) мәселелері талқыланды. Кездесу барысында спикерлер бүгінгі таңда Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан заң жобасының негізгі ережелерін түсіндірді. Олар, сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, 3 түрлі рәсімдерді енгізуді қарастыратынын атап өтті. Бірінші рәсім: соттан тыс банкроттық, оны азаматтар келесі жағдайларда қолдана алады:
- банктер, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және коллекторлар алдындағы борыш, борыш сомасы 4,9 млн теңгеден (1600 АЕК) аспауы тиіс;
- ресми табыс жоқ немесе табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспаса (оның ішінде асырауындағы адамдар (отбасы мүшелері) да қоса есептеледі, ол адам басына 36018 теңгені құрайды.